Кориол в таблетках — инструкция по применению

Инструкция по применению кориола в таблетках, описание действия препарата, показания к применению таблеток кориола, взаимодействие с другими лекарствами, применение кориола (таблетки) при беременности. Инструкции:
Торговое название: Кориол
Международное название: Карведилол
Лекарственная форма: Таблетки 3.125 мг
Показания к применению:
Атс классификация:
C Средства, влияющие на сердечно-сосудистую систему
C07 Блокаторы бета-адренорецепторов
C07A Блокаторы бета-адренорецепторов
C07A G Сочетанные блокаторы альфа- и бета-адренорецепторов
Фарм. группа:
Альфа - бета-адреноблокаторы. Карведилол. Код АТХ С07АG02
Условия хранения:
При температуре не выше 25 ºС. Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения:
5 лет. Не применять по истечении срока хранения.
Условия продажи: По рецепту
Описание:
Таблетки круглой формы, белого цвета, слегка двояковыпуклые, с фаской.

Состав кориола в таблетках

Одна таблетка содержит
Бір таблетканың құрамында

Активное вещество кориола

карведилол 3.125 мг
3.125 мг карведилол

Вспомогательные вещества в кориоле

лактозы моногидрат, сахароза, повидон К 25, кросповидон, кремния диоксид коллоидный безводный, магния стеарат
лактоза моногидраты, сахароза, повидон К 25, кросповидон, коллоидты сусыз кремнийдің қостотығы, магний стеараты

Показания к применению таблеток кориола

  • артериальная гипертензия (в виде монотерапии или в комбинации с другими антигипертензивными препаратами)
  • хроническая стабильная стенокардия
  • хроническая сердечная недостаточность (в составе комбинированной терапии)
  • дисфункция левого желудочка после инфаркта миокарда (с фракцией выброса левого желудочка менее 40%)
  • артериялық гипертензияда (монотерапия түрінде немесе басқа антигипертензивтік препараттармен біріктіріп)
  • созылмалы тұрақты стенокардияда
  • жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігінде (біріктірілген ем құрамында)
  • миокард инфарктісінен кейін сол жақ қарынша функциясының бұзылуында (сол жақ қарыншаның лықсу фракциясы 40%-дан аз)

Противопоказания кориола в таблетках

  • повышенная чувствительность к карведилолу или другим компонентам препарата
  • бронхиальная астма или хронические обструктивные заболевания легких с бронхоспастическим компонентом, легочное сердце
  • нестабильная сердечная недостаточность или декомпенсированная сердечная недостаточность, требующая внутривенной инотропной терапии
  • кардиогенный шок
  • брадикардия (<50 ударов в минуту в состоянии покоя), синдром слабости синусового узла (включая синоаурикулярную блокаду) или атриовентрикулярная (AV) блокада II или III степени, за исключением пациентов с кардиостимулятором
  • тяжелая артериальная гипотензия (систолическое АД <85 мм рт.ст.), ортостатическая гипотензия
  • тяжелая печеночная недостаточность
  • метаболический ацидоз
  • феохромоцитома (за исключением состояния, стабилизированного назначением -адреноблокаторов)
  • одновременное внутривенное применение верапамила, дилтиазема или других антиаритмических средств (в частности, класса I) в связи с высоким риском развития тяжелой артериальной гипотензии и брадикардии
  • стенокардия Принцметала
  • детский и подростковый возраст до 18 лет
  • беременность и период лактации
  • наследственная непереносимость галактозы, дефицит лактазы Лаппа или мальабсорбция глюкозы-галактозы
  • карведилолға немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық
  • бронх демікпесі немесе бронхоспастикалық компоненті бар өкпенің созылмалы обструктивті аурулары, өкпелік жүрек
  • жүрек функциясының тұрақсыз жеткіліксіздігі немесе көктамырішілік инотроптық емді қажет ететін декомпенсацияланған жүрек функциясының жеткіліксіздігі
  • кардиогендік шок
  • брадикардия (тыныштық күйде минутына <50 соғу), синустық түйіннің әлсіздігі синдромы (синоаурикулярлық блокаданы қоса) немесе II немесе III дәрежелі атриовентрикулярлық (AV) блокада, кардиостимуляторы бар емделушілерді қоспағанда
  • ауыр артериялық гипотензия (систолалық АҚ <85 мм сын.бағ.), ортостатикалық гипотензия
  • бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі
  • метаболикалық ацидоз
  • феохромоцитома (-адреноблокаторларды тағайындаумен тұрақтандырылған жағдайларды қоспағанда)
  • ауыр артериялық гипотензия мен брадикардияның даму қаупінің жоғарылауымен байланысты, верапамил, дилтиазем немесе басқа аритмияға қарсы дәрілерді (атап айтқанда, I класты) бір мезгілде көктамыр ішіне қолдану
  • Принцметал стенокардиясы
  • балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге
  • жүктілік және лактация кезеңі
  • тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Лаппа лактазасы тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

Побочные действия таблеток кориола

У больных с хронической сердечной недостаточностью:

Очень часто (≥ 1/10)
  • головокружение и головная боль в начале лечения
  • астения, утомляемость
Часто (≥ 1/100 до < 1/10)
  • нарушения зрения
  • брадикардия, ортостатическая гипотензия, отеки (в том числе генерализованные, периферические, зависящие от положения тела, отек промежности, задержка жидкости)
  • тошнота, диарея, рвота
  • увеличение массы тела, гиперхолестеринемия, гипер- или гипогликемия, нарушение углеводного обмена
Нечасто (≥ 1/1000 до < 1/100) (≥ 1/10 000 до < 1/1000)
  • обмороки
  • обострение клинической картины у пациентов с сердечной недостаточностью (в период увеличения дозы препарата)
Редко (≥ 1/10 000 до < 1/1000)
  • острая почечная недостаточность и нарушение функции почек у больных с диффузным васкулитом и/или нарушением функции почек
  • тромбоцитопения
Очень редко (< 1/10000)
  • лейкопения
У больных с артериальной гипертензией и ишемической болезнью сердца:

Часто (≥ 1/100 до < 1/10)
  • головокружение, головная боль, усталость, возникающие в начале лечения
  • брадикардия, ортостатическая гипотензия, особенно в начале терапии
  • уменьшение слезоотделения и раздражение глаз
  • бронхоспазм, бронхиальная астма, одышка у предрасположенных больных
  • тошнота, боли в животе, диарея
  • боли в конечностях
Нечасто (≥ 1/1000 до < 1/100)
  • парестезии
  • подавленное настроение, нарушение сна
  • обмороки
  • обострение клинической картины «перемежающейся» хромоты и синдрома Рейно
  • атриовентрикулярная блокада, стенокардия (боль в груди), симптомы сердечной недостаточности и периферические отеки
  • нарушение зрения
  • рвота, запор
  • кожные реакции (аллергическая экзантема, дерматит, крапивница, зуд), возникновение или обострение псориаза, реакции сходные с плоским лишаем)
  • импотенция
Редко (≥ 1/10 000 до < 1/1000)
  • заложенность носа, свистящее дыхание и гриппоподобные симптомы
  • раздражение глаз
  • сухость во рту
  • нарушение мочеиспускание
Очень редко (< 1/10000)
  • повышение активности аланинаминотрансферазы (АЛТ), аспартатамино-трансферазы (АСТ) и гамма-глютамилтрансферазы
  • тромбоцитопения и лейкопения
  • психоз
Жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі бар емделушілерде:

Өте жиі (≥ 1/10)
  • емдеудің бас кезінде бас айналу, бас ауыру
  • астения, қажу
Жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін)
  • көрудің бұзылуы
  • брадикардия, ортостатикалық гипотензия, ісінулер (соның ішінде жайылған, шеткергі, дене қалпына тәуелді, шаптардың ісінуі, сұйықтық іркілісі)
  • жүректің айнуы, диарея, құсу
  • дене салмағының артуы, гиперхолестеринемия, гипер- немесе гипогликемия, көмірсу алмасуының бұзылуы
Жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін) (≥ 1/10 000-нан < 1/1000 дейін)
  • естен танулар
  • жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілерде клиникалық көріністің өршуі (препараттың дозасын ұлғайту кезінде)
Сирек (≥ 1/10 000-нан < 1/1000 дейін)
  • диффуздық васкулиті және/немесе бүйрек функциясының бұзылуы бар емделушілерде бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі және бүйрек функциясының бұзылуы
  • тромбоцитопения
Өте сирек (< 1/10000)
  • лейкопения
Артериялық гипертензиясы және жүректің ишемиялық ауруы бар науқастарда:

Жиі (≥ 1/100-дан < 1/10 дейін)
  • емнің бас кезінде туындайтын бас айналу, бас ауыру, шаршау
  • әсіресе емнің бас кезінде ортостатикалық гипотензия, брадикардия
  • көз жасы бөлінуінің азаюы мен көздің тітіркенуі
  • бейім науқастарда бронхтың түйілуі, бронх демікпесі, ентігу
  • жүректің айнуы, іштің ауыруы, диарея
  • аяқ-қолдардың ауыруы
Жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін)
  • парестезиялар
  • көңіл-күйдің жабырқауы, ұйқының бұзылуы
  • естен танулар
  • «әлсін-әлсін» ақсаңдау және Рейно синдромы клиникалық көрінісінің өршуі
  • атриовентрикулярлық блокада, стенокардия (кеуде тұсының ауыруы), жүрек функциясының жеткіліксіздігі симптомдары және шеткергі ісінулер
  • көрудің нашарлауы
  • құсу, іштің қатуы
  • тері реакциялары (аллергиялық экзантема, дерматит, есекжем, қышыну, псориаздың туындауы немесе өршуі, жалпақ теміреткіге ұқсас реакциялар)
  • импотенция
Сирек (≥ 1/10 000-нан < 1/1000 дейін)
  • мұрынның бітелуі, сырылдап дем алу және тұмау тәрізді симптомдар
  • көздің тітіркенуі
  • ауыздың кеберсуі
  • несеп шығарудың бұзылуы
Өте сирек (< 1/10000)
  • аланинаминотрансфераза (АЛТ), аспартатамино-трансфераза (АСТ) және гамма-глютамилтрансфераза белсенділігінің жоғарылауы
  • тромбоцитопения және лейкопения
  • психоз

Особые указания к применению

У пациентов с застойной сердечной недостаточностью может произойти ухудшение сердечной недостаточности или задержка жидкости при повышении дозы карведилола. При проявлении таких симптомов необходимо повысить дозу диуретика и снизить дозу карведилола до достижения стабильности клинической картины, или, в редких случаях, временно прекратить лечение препаратом Корил®. Такие эпизоды не препятствуют последующим успешным титрованиям дозы карведилола.

Кориол® следует использовать с осторожностью в комбинации с гликозидами наперстянки, поскольку оба препарата могут замедлять АV- проводимость.

У пациентов с хронической сердечной недостаточностью с пониженным уровнем артериального давления (систолическое артериальное давление <100 мм рт.ст.), ишемической болезнью сердца и диффузными сосудистыми заболеваниями и / или почечной недостаточностью при применении карведилола наблюдается обратимое ухудшение функции почек.

У пациентов с дисфункцией левого желудочка после перенесенного острого инфаркта миокарда, перед началом лечения препаратом Кориол®, необходимо стабилизировать гемодинамическое состояние, и пациентам следует получать ингибиторы АКФ, по крайней мере, в предыдущие 48 часов, а дозы ингибитора АКФ должны быть стабильными, по крайней мере, в предыдущие 24 часа.

У пациентов с хроническими обструктивными заболеваниями легких и бронхоспастическим компонентом, которые не принимают пероральные или ингаляционные препараты, Кориол® следует применять с осторожностью, и только в том случае, если возможные преимущества от его применения превышают потенциальный риск. В случае необходимости назначения препарата Кориол® таким пациентам, необходимо тщательно контролировать их состояние в начале приёма и при повышении дозы карведилола, и, если во время лечения наблюдаются любые признаки бронхиальной обструкции, дозу препарата необходимо уменьшить.

У пациентов с сахарным диабетом следует проявлять осторожность при применении карведилола, так как ранние симптомы острой гипогликемии могут быть замаскированы или смягчены. У больных с сердечной недостаточностью на фоне сахарного диабета использование карведилола может ухудшить показатель уровня глюкозы в крови.

У пациентов с заболеваниями периферических сосудов Кориол® следует применять с осторожностью, так как бета-блокаторы могут ускорить или обострить симптомы артериальной недостаточности.

Кориол® следует применять с осторожностью у пациентов, страдающих нарушениями периферического кровообращения (например, Синдром Рейно), так как может вызвать обострение симптомов.

Кориол® может маскировать симптомы тиреотоксикоза.

У пациентов, перенесших хирургические операции следует проявлять осторожность, так как возможны синергетические отрицательные инотропные эффекты карведилола и обезболивающих препаратов.

Кориол® может вызвать брадикардию. Если пульс пациента снижается до менее 55 ударов в минуту, дозу карведилола следует уменьшить.

У пациентов с тяжелыми реакциями повышенной чувствительности в анамнезе следует проявлять осторожность при применении Кориола®, а также у тех, которые проходят курс десенсибилизации, так как бета-блокаторы могут повысить чувствительность к аллергенам и степень тяжести анафилактических реакций.

Пациентам с псориазом в анамнезе, связанных с применением бета-блокаторов, следует применять Кориол® только после тщательного анализа соотношения риска и пользы.

У пациентов, одновременно принимающих блокаторы кальциевых каналов типа верапамила или дилтиазема, а также другие антиаритмические средства необходимо регулярно мониторировать ЭКГ и артериальное давление.

Больным феохромоцитомой до начала применения бета-блокатора необходимо назначить альфа-блокатор. Хотя карведилол обладает как бета-, так и альфа-адреноблокирующими фармакологическими свойствами, опыта его применения у таких больных нет, поэтому больным с подозрением на феохромоцитому Кориол® следует назначать с осторожностью.

У пациентов со стенокардией Принцметала неселективные бета-адреноблокаторы могут провоцировать появление болей в груди. Клинического опыта применения карведилола у таких пациентов нет, хотя его альфа-адреноблокирующие свойства могут предотвратить подобную симптоматику. Тем не менее, следует проявлять осторожность при применении карведилола у пациентов с подозрением на стенокардию Принцметала.

Лица, пользующиеся контактными линзами, должны быть предупреждены о возможности уменьшения количества слезной жидкости.

Синдром отмены
Лечение карведилолом нельзя прерывать резко, особенно у пациентов с ишемической болезнью сердца. Отмена лечения карведилолом должна быть постепенной (в течение 2 недель).

Особая информация о некоторых ингредиентах
В состав препарата Кориол входят сахароза и лактоза. Этот препарат не рекомендуется принимать пациентам с непереносимостью фруктозы, дефицитом лактазы, галактоземией, с нарушением абсорбции глюкозы-галактозы или дефицитом сахаразы-изомальтазы.

Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Из-за индивидуальных реакций, в начале лечения и при увеличении дозы препарат может вызвать головокружение, общую слабость, поэтому способность управлять автомобилем и к работе с механизмами, требующих концентрации внимания и быстрых психомоторных реакций, может нарушаться.
Жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі бар емделушілерде жүрек функциясының жеткіліксіздігі нашарлауы немесе карведилолдың дозасын арттырғанда сұйықтықтың іркілуі мүмкін. Мұндай симптомдар пайда болған жағдайда, диуретиктің дозасын арттыру және карведилолдың дозасын клиникалық көрініс тұрақтылығына жеткенше төмендету немесе сирек жағдайларда Кориол® препаратымен емдеуді уақытша тоқтата тұру керек. Мұндай көріністер карведилол дозасының сәтті титрленуіне кедергі жасамайды.

Кориол® препаратвын оймақгүл гликозидтерімен біріктіріп пайдаланғанда сақ болу керек, өйткені екі препарат та АV өткізгіштігін баяулатуы мүмкін.

Артериялық қысым деңгейі төмен (систолалық артериялық қысымы <100 мм сын.бағ.), жүректің ишемиялық ауруы және диффуздық қантамыр аурулары және/немесе бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі бар емделушілерде карведилолды қолданғанда бүйрек функциясының қайтымды нашарлауы байқалады.

Жедел миокард инфарктісін бастан өткерген, сол жақ қарынша функциясы бұзылған емделушілерде Кориол® препаратымен емдеуді бастар алдында гемодинамикалық жағдайды тұрақтандыру қажет және емделушілер кемінде алдағы 48 сағат бойы АКФ тежегіштерін қабылдауы керек, ал АКФ тежегіштерінің дозалары кемінде алдағы 24 сағат бойы тұрақты болуы тиіс.

Өкпенің созылмалы обструктивті аурулары бар және пероральді түрде қабылданатын және ингаляциялық препараттарды қабылдамайтын бронхоспастикалық компоненті бар емделушілерге Кориол® препаратын сақтықпен және оны қолданудың артықшылығы ықтимал қаупінен басым болған жағдайда ғана қолдану керек. Кориол® препаратын мұндай емделушілерге тағайындау қажет болған жағдайда, олардың карведилолды қабылдаудың басындағы және дозасын жоғарылатқан кездегі жағдайларын мұқият бағалау керек және, егер емдеу кезінде бронх обструкциясының белгілері байқалса, препараттың дозасын азайту қажет.

Қант диабеті бар емделушілерде карведилолды қолданғанда сақ болу керек, өйткені жедел гипогликемия симптомдары бүркемеленуі немесе жеңілдеуі мүмкін. Қант диабеті аясындағы жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар науқастарда карведилолды пайдалану қандағы глюкоза деңгейінің көрсеткішін нашарлатуы мүмкін.

Шеткергі қантамырлар аурулары бар емделушілерде Кориол® препаратын сақтықпен қолдану керек, өйткені бета-блокаторлар артериялық функция жеткіліксіздігі симптомдарын жеделдетуі немесе өршітуі мүмкін.

Кориол® препаратын шеткергі қанайналым бұзылуларынан зардап шегіп жүрген емделушілерге сақтықпен қолдану керек (мысалы, Рейно Синдромы), өйткені симптомдарды өршітуі мүмкін.

Кориол® тиреотоксикоз симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.

Хирургиялық операцияларды басынан өткерген емделушілерде сақтық танытқан жөн, өйткені карведилол мен ауыруды басатын препараттардың синергетикалық теріс инотропты әсерлері болуы мүмкін.

Кориол® брадикардияны тудыруы мүмкін. Егер емделушінің қантамыр соғысы минутына 55 соғудан азға төмендесе, карведилолдың дозасын азайту керек.

Сыртартқысында жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары бар, сондай-ақ десенсибилизация курсынан өтіп жатқан емделушілерге Кориол® препаратын қолданғанда сақтық танытқан жөн, өйткені бета-блокаторлар аллергендерге сезімталдығы мен анафилактикалық реакциялардың ауырлық дәрежесін арттыруы мүмкін.

Сыртартқысында бета-блокаторларды қолданумен байланысты псориазы бар емделушілерге Кориол® препаратын тек қауіп пен пайда арақатынасын мұқият талдағаннан кейін ғана қолдану керек.

Верапамил немесе дилтиазем сияқты кальций өзекшелерінің блокаторларын, сондай-ақ аритмияға қарсы басқа да дәрілерді бір мезгілде қабылдап жүрген емделушілерде ЭКГ мен артериялық қан қысымын ұдайы мониторингілеу қажет.

Феохромоцитомамен науқастарға бета-блокаторлы қолдануды бастағанға дейін, альфа-блокаторды тағайындау қажет. Карведилолдың бета- және альфа-адренобөгегіштік фармакологиялық қасиеттері бар болса да, оны мұндай науқастарға қолдану тәжірибесі жоқ, сондықтан феохромоцитомаға күдігі бар науқастарға Кориол® препаратын сақтықпен тағайындау керек.

Принцметал стенокардиясы бар емделушілерде іріктелмеген бета-адреноблокаторлар кеуденің ауыруына түрткі болуы мүмкін. Оның альфа-адренобөгегіштік қасиеттері мұндай симптоматиканың алдын алуы мүмкін болса да, карведилолды мұндай емделушілерде қолданудың клиникалық тәжірибесі жоқ. Дегенмен, Принцметал стенокардиясына күдігі бар емделушілерде карведилолды қолданғанда сақ болу керек.

Жанаспалы линзаларды пайдаланатын адамдарға көз жасы сұйықтығы мөлшерінің азаюы мүмкін екендігі жөнінде ескертілуі тиіс.

Тоқтату синдромы
Карведилолмен емдеуді әсіресе жүректің ишемиялық ауруы бар емделушілерде күрт тоқтатуға болмайды. Карведилолмен емдеуді тоқтату біртіндеп (2 апта бойы) жүргізілуі тиіс.

Кейбір ингредиенттері туралы ерекше ақпарат
Кориол препаратының құрамына сахароза мен лактоза кіреді. Бұл препарат фруктоза жақпайтын, лактаза тапшылығы, галактоземиясы бар, глюкоза-галактоза сіңірілуі бұзылған немесе сахараза-изомальтаза тапшы болатын емделушілерге ұсынылмайды.

Көлік құралын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттардың ықпал ету ерекшеліктері
Жекелеген реакцияларына байланысты, емнің бас кезінде және дозасын ұлғайтқанда препарат бас айналуды, жалпы әлсіздікті тудыруы мүмкін, сондықтан автокөлік басқару және зейінді жұмылдыру мен психомоторлық реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін механизмдермен жұмыс жасау қабілеті бұзылуы мүмкін.

Дозировка и способ применения

Кориол не следует принимать с едой. Тем не менее, пациентам с хронической сердечной недостаточностью с целью предотвращения ортостатической гипотензии рекомендуют принимать препарат во время еды.

Доза должна подбираться индивидуально. Лечение должно начинаться с назначения низких доз, которые должны постепенно увеличиваться в течение 7-14 дней до достижения оптимального эффекта. Через 1 час после назначения первой дозы и после каждого увеличения дозы у пациентов рекомендуется измерять АД в положении стоя для исключения возможной артериальной гипотензии. При необходимости отмены препарата, снижение его дозы должно происходить постепенно в течение 1 - 2 недель.

Если лечение было прервано более чем на две недели, то возобновлять терапию следует с назначения низкой дозы 3,125 мг 2 раза в день и постепенно увеличивать в соответствии с рекомендациями.

Артериальная гипертензия: начальная доза препарата Кориол составляет 12.5 мг и назначается утром или 6.25 мг дважды в сутки (утром и вечером). Спустя 7-14 дней лечения, а при необходимости уже и после двух дней, доза может быть повышена до 25 мг утром (одна таблетка 25 мг) или до 12.5 мг дважды в сутки. После четырнадцати дней лечения доза Кориола может быть увеличена вновь до 25 мг препарата 2 раза в сутки.

Максимальная однократная доза препарата Кориол составляет 25 мг и максимальная суточная доза – 50 мг.

Рекомендуемая начальная доза препарата Кориол при лечении артериальной гипертензии у пациентов с сердечной недостаточностью составляет 3.125 мг два раза в сутки.

Хроническая стабильная стенокардия: начальная доза препарата Кориол составляет 12.5 мг дважды в сутки. После 7-14 дней лечения, а при необходимости уже и после двух дней, доза может быть увеличена до 25 мг дважды в сутки.

Максимальная доза препарата Кориол при лечении хронической стабильной стенокардии составляет 25 мг дважды в сутки. Максимальная суточная доза составляет 100 мг.

Рекомендуемая начальная доза препарата Кориол при лечении хронической стабильной стенокардии у пациентов с сердечной недостаточностью составляет 3.125 мг два раза в сутки.

Хроническая сердечная недостаточность: Кориол рекомендуется при лечении стабильной хронической сердечной недостаточности легкой, средней и тяжелой степени в дополнение к уже проводимой терапии такими препаратами, как диуретики, ингибиторы ангиотензин-конвертирующего фермента (АКФ), препараты наперстянки. Кориол можно назначать пациентам, которые не переносят ингибиторы АКФ.

Дозировка должна быть индивидуальной. На протяжении первых 2–3 ч после первого приема или после повышения дозы необходимо тщательное медицинское наблюдение для контроля переносимости препарата. Если частота сердечных сокращений пациента падает до уровня ниже 55 ударов в минуту, дозу препарата Кориол необходимо снизить.

В случае появления симптомов артериальной гипотензии, сначала необходимо рассмотреть возможность снижения дозы диуретика или ингибитора АКФ; если эти меры недостаточны требуется снижение дозы препарата Кориол.

В начале лечения препаратом Кориол или после увеличения дозы, могут произойти транзиторные усиления сердечной недостаточности. В таком случае необходимо увеличить дозу диуретика. Иногда необходимо временно снизить дозу карведилола или даже отменить. После стабилизации клинического состояния, лечение препаратом Кориол или увеличение дозы может быть возобновлено.

Начальная доза составляет 3.125 мг (половина таблетки 6.25 мг) 2 раза в сутки. Если пациент хорошо переносит эту дозу, то ее можно постепенно повышать (через каждые 2 нед) до достижения оптимальной дозы. Следующие дозы составляют 6.25 мг 2 раза в сутки, затем – 12.5 мг 2 раза в сутки и 25 мг 2 раза в сутки. Пациенту следует принимать максимальную переносимую дозу. Максимальная рекомендуемая доза составляет 25 мг 2 раза в сутки для пациентов массой тела менее 85 кг, для пациентов с массой тела более 85 кг дозу можно осторожно повысить до 50 мг 2 раза в сутки. Увеличение дозы до 50 мг два раза в день следует с осторожностью, под тщательным врачебным наблюдением.

Перед каждым увеличением дозы врач должен осмотреть пациента на наличие симптомов ухудшения сердечной недостаточности или признаков чрезмерного расширения сосудов (например, функции почек, массу тела, артериальное давление, частоту сердечных сокращений). При задержке жидкости (с или без переходного ухудшения симптомов сердечной недостаточности) необходимо увеличить дозу диуретика.

Если наблюдаются брадикардия или нарушение AV-проводимости, в первую очередь необходим мониторинг дигоксина.

Дисфункция левого желудочка после перенесенного острого инфаркта миокарда: рекомендуемая начальная доза препарата Кориол составляет 6.25 мг дважды в сутки. При хорошей переносимости начальной дозы, доза может быть увеличена с интервалом 3 – 10 дней до 12.5 мг два раза в сутки, затем - до 25 мг два раза в день.

Пациентам, которые плохо переносят начальную дозу, необходимо снизить дозу до 3.125 мг два раза в сутки в течение 3-10 дней. Если эта доза переносится хорошо, она может быть постепенно увеличена до максимальной дозы, переносимой пациентом. Максимальная рекомендуемая доза составляет 25 мг два раза в сутки.

Пациентам пожилого возраста нет необходимости корректировать дозу. Пациенты пожилого возраста могут быть более восприимчивы к действию карведилола и, следовательно, нуждаются в тщательном контроле.

У пациентов с тяжелой печеночной недостаточностью не рекомендуется применять Кориол. У пациентов с умеренной печеночной недостаточностью дозу нужно регулировать.

Пациенты с почечной недостаточностью: для пациентов с систолическим артериальным давлением выше 100 мм рт. ст. изменения дозы не требуется.
Кориол препаратын тамақпен бірге қабылдамаған жөн. Дегенмен, жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі бар емделушілерге ортостатикалық гипотензияға жол бермеу мақсатында препаратты тамақтану уақытында қабылдау ұсынылады.

Дозасы әр адамға жекелей таңдап алынуы тиіс. Емдеу төмен дозаларды тағайындаудан басталып, 7-14 күн ішінде оңтайлы әсерге жеткенше біртіндеп ұлғайтылуы тиіс. Алғашқы дозаны тағайындағаннан кейін 1 сағаттан соң және дозаны әр арттырған сайын, ықтимал артериялық гипотензияға жол бермеу үшін, емделушілердің тік тұрған қалыптағы АҚ өлшеу ұсынылады. Препаратты қабылдауды тоқтату қажет болса, оның дозасын төмендету 1 - 2 апта ішінде біртіндеп жүргізілуі тиіс.

Егер емдеу екі аптадан артық уақытқа үзілген болса, онда емдеуді күніне 2 рет төменгі 3,125 мг дозаны тағайындаудан қайта бастаған және нұсқауларға сәйкес біртіндеп арттырған жөн.

Артериялық гипертензия: Кориол препаратының бастапқы дозасы 12.5 мг құрайды және таңертең немесе тәулігіне екі рет (таңертең және кешке) 6.25 мг тағайындалады. Емдеуден 7-14 күн өткен соң, ал қажет болған жағдайда екі күннен кейін де, дозаны таңертең 25 мг-ге дейін (25 мг бір таблетка) немесе тәулігіне екі рет 12.5 мг-ге дейін арттыруға болады. Емдеуден он төрт күн өткеннен кейін Кориол препаратының дозасы қайтадан тәулігіне 2 рет препараттың 25 мг дейін арттырылуы мүмкін.

Кориол препаратының ең жоғарғы бір реттік дозасы 25 мг және ең жоғарғы тәуліктік дозасы 50 мг құрайды.

Кориол препаратының жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілерде артериялық гипертензияны емдеу кезінде ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне екі рет 3.125 мг құрайды.

Созылмалы тұрақты стенокардия: Кориол препаратының бастапқы дозасы тәулігіне екі рет 12.5 мг құрайды. Емдеуден 7-14 күн өткен соң, ал қажет болған жағдайларда екі күннен кейін де, дозаны тәулігіне екі рет 25 мг дейін арттыруға болады.

Созылмалы тұрақты стенокардияны емдеуде Кориол препаратының ең жоғарғы дозасы тәулігіне 25 мг құрайды. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы 100 мг құрайды.

Жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілердегі созылмалы тұрақты стенокардияны емдеуде ұсынылатын Кориол препаратының бастапқы дозасы тәулігіне екі рет 3.125 мг құрайды.

Жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі: Кориол жеңіл, тұрақты орташа және ауыр дәрежедегі жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігін емдеуде бұрын диуретиктер, ангиотензин-конвертациялаушы фермент тежегіштері (АКФ), оймақгүл препараттары сияқты препараттармен жүргізілген емге қосымша ұсынылады. Кориол препаратын АКФ тежегіштері жақпайтын емделушілерге тағайындауға болады.

Доза әр емделушіге жекелей таңдап алынуы тиіс. Алғашқы қабылдаудан кейінгі бастапқы 2–3 сағат бойы немесе дозаны арттырғаннан кейін препараттың жағымдылығын бақылау үшін тиянақты медициналық тексеру жүргізу қажет. Егер емделуші жүрегінің жиырылу жиілігі минутына 55 соғудан төмен түсіп кетсе, Кориол препаратының дозасын төмендету қажет.

Артериялық гипотензия симптомдары пайда болған жағдайда, алдымен диуретик немесе АКФ тежегішінің дозасын төмендету мүмкіндігін қарастыру қажет; егер бұл шаралар жеткіліксіз болса, Кориол препаратының дозасын төмендету қажет болады.

Кориол препаратымен емдеудің басында немесе дозасын арттырғаннан кейін жүрек функциясының жеткіліксіздігі транзиторлы түрде күшеюі мүмкін. Мұндай жағдайда диуретиктің дозасын арттыру қажет. Кейде карведилолдың дозасын уақытша төмендету немесе тіпті тоқтату қажет. Клиникалық көрінісі тұрақтанғаннан кейін Кориол препаратымен емдеу немесе дозасын арттыру қайта жаңғыртылуы мүмкін.

Бастапқы дозасы тәулігіне 2 рет 3.125 мг (6.25 мг таблетканың жартысы) құрайды. Егер емделушіге бұл доза жағымды болса, оны оңтайлы дозаға жеткенше біртіндеп (әр 2 апта сайын) арттыруға болады. Келесі дозалары тәулігіне 2 рет 6.25 мг, содан кейін тәулігіне 2 рет 12.5 мг және тәулігіне 2 рет 25 мг құрайды. Емделуші ең жоғары жағымды дозаны қабылдауы тиіс. Ең жоғарғы ұсынылатын доза дене салмағы 85 кг-ден төмен емделушілер үшін тәулігіне 2 рет 25 мг құрайды, дене салмағы 85 кг-ден асатын емделушілерге дозаны тәулігіне 2 рет 50 мг-ге дейін арттыруға болады. Дозаны тәулігіне екі рет 50 мг-ге дейін арттыруды сақтықпен, дәрігердің мұқият қадағалауымен жүргізу керек.

Дозаны әрбір арттыру алдында дәрігер емделушіде жүрек функциясы жеткіліксіздігінің нашарлау симптомдарының немесе қантамырлардың шамадан тыс кеңею белгілерінің (мысалы, бүйрек функциясы, дене салмағы, артериялық қысым, жүректің жиырылу жиілігі) бар-жоқтығын тексеруі тиіс. Сұйықтық кідірісінде (жүрек функциясының жеткіліксіздігі симптомдарының ауыспалы нашарлауымен немесе нашарлауынсыз) диуретиктің дозасын арттыру қажет.

Егер брадикардия немесе AV өткізгіштігінің бұзылуы байқалса, бірінші кезекте дигоксинге мониторинг жүргізу қажет.

Миокард инфарктісін бастан өткергеннен кейінгі сол жақ қарынша функциясының бұзылуы: Кориол препаратының ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне екі рет 6.25 мг құрайды. Бастапқы дозаның жағымдылығы жақсы болса, дозаны 3 – 10 күн аралықпен тәулігіне екі рет 12.5 мг-ге дейін, содан кейін тәулігіне екі рет 25 мг-ге дейін арттыруға болады.

Бастапқы дозаның жағымдылығы нашар болған емделушілерге дозаны 3-10 күн бойы тәулігіне екі рет 3.125 мг-ге дейін азайту қажет. Егер бұл дозаның жағымдылығы жақсы болса, ол біртіндеп емделушіге жағымды ең жоғарғы дозаға дейін арттырылуы мүмкін. Ұсынылатын ең жоғарғы доза тәулігіне екі рет 25 мг құрайды.

Егде жастағы науқастарға дозаны түзету қажет емес. Егде жастағы емделушілер карведилолдың әсеріне сезімталдау болуы мүмкін, демек, тиянақты қадағалауды қажет етеді.

Бауырдың функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде Кориол препаратын қолдануға кеңес берілмейді.

Бауырдың функциясының орташа жеткіліксіздігі бар емделушілерде дозаны ретке келтіру керек.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілер: систолалық артериялық қысымы 100 мм сын. бағ. асатын емделушілер үшін дозаны өзгерту қажет емес.

Взаимодействие с лекарствами

Больным не рекомендуется употреблять алкоголь во время лечения, поскольку он может усиливать действие карведилола.

Некоторые антиаритмические препараты, наркотики, гипотензивные средства, препараты для лечения стенокардии, другие бета-блокаторы (например, в виде глазных капель), препараты, снижающие уровень катехоламинов (например, ингибиторы МАО, резерпин) и сердечные гликозиды могут усиливать действие карведилола. Таким образом, доза этих препаратов и карведилола должна быть подобрана с большой осторожностью.

Верапамил, дилтиазем, амиодарон или другие антиаритмические препараты в сочетании с карведилолом повышают риск нарушения AV- проводимости или риск сердечной недостаточности (синергетический эффект).

Одновременное применение дигоксина может привести к увеличению концентрации дигоксина в плазме крови (на 15%).

При одновременном применении бета-блокаторов совместно с препаратами, снижающими уровень катехоламинов (например резерпин, гуанетидин, метилдопа, гуанфацин и и ингибиторы моноаминоксидазы), необходим строгий мониторинг артериального давления в связи с риском развития артериальной гипотензии и/или тяжелой брадикардии.

Индукторы/ ингибиторы метаболизма в печени: фармакокинетика карведилола может измениться при одновременном применении с препаратами, стимулирующими или подавляющими активность печеночных ферментов (CYP2D6); например, циметидин, кетоконазол, флуоксетин, галоперидол, верапамил, эритромицин увеличивают, а рифампицин и барбитураты снижают концентрацию карведилола в сыворотке крови.

Карведилол может усиливать действие гипогликемических препаратов и маскировать признаки гипогликемии, в связи с чем рекомендуется регулярный контроль уровня сахара в крови.

Как и другие препараты с бета-блокирующей активностью, карведилол может усиливать действие других, одновременно применяемых лекарств, обладающих антигипертензивным (барбитураты, фенотиазины, трициклические антидепрессанты, вазодилататоры, нитраты и алкоголь), или гипотензивным действием, как профиля побочного влияния.

Дигидропиридин увеличивает риск сердечной недостаточности и артериальной гипотензии.

Карведилол может повысить плазменные концентрации циклоспорина, поэтому рекомендуется мониторинг концентрации циклоспорина в начале лечения, дозировку препарата Кориол® необходимо корректировать.

Сопутствующий прием клонидина с бета-блокаторами может усилить снижение артериального давления и частоту сердечных сокращений. При завершении сопутствующего лечения бета-блокатором и клонидином, первым следует прекратить (постепенно) прием бета-блокатора. Затем, в течение нескольких дней, можно прекратить терапию клонидином также путем постепенного снижения дозирования.

Одновременное применение нестероидных противовоспалительных препаратов (НПВП), эстрогенов и кортикостероидов может привести к повышению артериального давления за счет задержки воды и натрия.

Симпатомиметики (α- и β-миметики) увеличивают риск развития гипертонии и выраженной брадикардии.

С эрготамином, усиливается эффект сужения сосудов.

Карведилол усиливает действие нейромышечных блокаторов.

Следует соблюдать особую осторожность во время анестезии ввиду синергических отрицательных инотропных и гипертензивных эффектов карведилола и анестетиков.

Фенобарбитал, рифампицин ускоряют метаболизм и снижают концентрации карведилола в плазме крови.
Науқастар емделу кезінде алкогольді пайдалануға болмайды, өйткені ол карведилолдың әсерін күшейтуі мүмкін.

Кейбір аритмияға қарсы препараттар, есірткілер, гипотензивтік дәрілер, стенокардияны емдеуге арналған препараттар, басқа бета-блокаторлар (мысалы, көз тамшылары түріндегі), катехоламиндер деңгейін төмендететін препараттар (мысалы, МАО тежегіштері, резерпин) және жүрек гликозидтері карведилолдың әсерін күшейтуі мүмкін. Осылайша, бұл препараттар мен карведилолдың дозасы аса сақтықпен таңдап алынуы тиіс.

Верапамил, дилтиазем, амиодарон немесе басқа да аритмияға қарсы препараттар карведилолмен бірге AV- өткізгіштігінің бұзылу қаупін немесе жүрек функциясының жеткіліксіздігі (синергетикалық әсері) қаупін арттырады.

Дигоксинді бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы дигоксин концентрациясының артуына (15%-ға) әкелуі мүмкін.

Бета-блокаторларды катехоламиндер деңгейін төмендететін препараттармен (мысалы резерпин, гуанетидин, метилдопа, гуанфацин және моноаминоксидаза тежегіштері) бір мезгілде қолданғанда, артериялық гипотензияның және/немесе ауыр брадикардияның даму қаупіне байланысты, артериялық қысымға қатаң мониторинг жүргізу қажет.

Бауырдағы метаболизм индукторлары/тежегіштері: карведилолдың фармакокинетикасы бауыр ферменттерінің (CYP2D6) белсенділігін стимуляциялайтын немесе бәсеңдететін препараттармен бір мезгілде қолданғанда өзгеруі мүмкін; мысалы, циметидин, кетоконазол, флуоксетин, галоперидол, верапамил, эритромицин қан сарысуындағы карведилол концентрациясын арттырады, ал рифампицин мен барбитураттар төмендетеді.

Карведилол гипогликемиялық препараттардың әсерін күшейтуі және гипогликемия белгілерін бүркемелеуі мүмкін, осыған байланысты қандағы қант деңгейін ұдайы бақылап отыру ұсынылады.

Бета-бөгегіштік белсенділігі бар басқа да препараттар сияқты, карведилол бір мезгілде қолданылатын жағымсыз әсерлер бейіні ретінде гипертензияға қарсы (барбитураттар, фенотиазиндер, үшциклдік антидепрессанттар, вазодилататорлар, нитраттар және алкоголь) немесе гипотензивтік әсері бар басқа дәрілердің әсерін күшейтуі мүмкін.

Дигидропиридин жүрек функциясының жеткіліксіздігі және артериялық гипотензия қаупін арттырады.

Карведилол циклоспориннің плазмадағы концентрацияларын арттыруы мүмкін, сондықтан емдеудің басында циклоспорин концентрациясын мониторингілеу ұсынылады, Кориол® препаратының дозасын түзету қажет.

Клонидинді бета-блокаторлармен қатар қабылдау артериялық қысымның төмендеуін және жүректің жиырылу жиілігін күшейтуі мүмкін. Бета-блокатормен және клонидинмен қатар емдеуді аяқтағанда, алдымен бета-блокаторды қабылдауды (біртіндеп) тоқтату керек. Содан кейін, бірнеше күн бойы клонидинмен емдеуді де дозасын біртіндеп төмендету жолымен тоқтатуға болады.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП), эстрогендер мен кортикостероидтарды бір мезгілде қолдану су мен натрий іркілісі есебінен артериялық қан қысымының артуына әкеп соғуы мүмкін.

Симпатомиметиктер (α- және β-миметиктер) гипертонияның және айқын брадикардияның даму қаупін арттырады.

Эрготаминмен бірге, қантамырларды тарылту әсері күшейеді.

Карведилол нейробұлшықет блокаторларының әсерін күшейтеді.

Карведилол мен анестетиктердің синергиялық теріс инотропты және гипертензивті әсерлері болғандықтан, жансыздандыру кезінде ерекше сақ болған жөн.

Фенобарбитал, рифампицин карведилолдың метаболизмін жеделдетеді және қан плазмасындағы концентрациясын төмендетеді.

Передозировка кориолом в таблетках

Симптомы: гипотензия, брадикардия, сердечная недостаточность, кардиогенный шок и остановка сердца. Также возможны нарушения дыхания, бронхоспазм, рвота, спутанность сознания и генерализованные судороги.

Лечение: кроме мероприятий общего характера, необходимо проводить мониторинг и коррекцию жизненно важных показателей, при необходимости в условиях интенсивной терапии.

При выраженной брадикардии можно назначить атропин.

Для поддержания функции левого желудочка рекомендуется внутривенное введение глюкагона или симпатомиметики (добутамин, изопреналин). При необходимости введения препаратов с положительным инотропным действием, назначают ингибиторы фосфодиэстеразы.

Если в клинической картине расширение периферических сосудов доминирует интоксикационный профиль, необходимо введение норэпинефрина или норадреналина в условиях непрерывного мониторинга показателей кровообращения. При резистентной к лечению брадикардии необходимо применение терапии кардиостимулятором.

При бронхоспазме вводят бета-симпатомиметики (в виде аэрозоля или внутривенно) или аминофиллин внутривенно.

При судорогах внутривенно медленно вводят диазепам или клоназепам.

Поскольку при тяжелой передозировке с симптоматикой шока возможно удлинение периода полувыведения карведилола и выведение препарата из депо, необходимо продолжать поддерживающую терапию, как описано выше, достаточно длительное время, до стабилизации состояния больного.
Симптомдары: гипотензия, брадикардия, жүрек функциясының жеткіліксіздігі, кардиогенді шок және жүректің тоқтап қалуы. Сондай-ақ тыныс алудың бұзылуы, бронхтың түйілуі, құсу, сананың шатасуы және жайылған құрысулар болуы мүмкін.

Емі: жалпы сипаттағы шаралардан басқа, қарқынды емдеу жағдайларында қажет болғанда өмірлік маңызды көрсеткіштерді мониторингілеу және түзету қажет.

Айқын брадикардияда атропин тағайындауға болады.

Сол жақ қарынша функциясын демеп тұру үшін глюкагон немесе симпатомиметиктерді (добутамин, изопреналин) көктамыр ішіне енгізу ұсынылады. Оң инотроптық әсері бар препараттарды енгізу қажет болса, фосфодиэстераза тежегіштерін тағайындайды.

Егер клиникалық көрінісінде шеткергі қантамырлардың кеңеюі уыттану бейінінен басым түссе, қан айналым көрсеткіштерін үздіксіз мониторингілеу жағдайларында норэпинефринді немесе норадреналинді енгізу қажет. Емдеуге резистентті брадикардия кезінде кардиостимулятормен емдеуді қолдану қажет.

Бронхтың түйілуінде бета-симпатомиметиктерді (аэрозоль түрінде немесе көктамыр ішіне) немесе аминофиллинді көктамыр ішіне енгізеді.

Құрысуларда диазепамды немесе клоназепамды көктамыр ішіне баяу енгізеді.

Шок симптоматикасы бар ауыр дозалану кезінде карведилолдың жартылай шығарылу кезеңі мен препараттың деподан шығарылуы ұзаққа созылуы мүмкін болса да, демеуші емді науқастың жағдайы тұрақтанғанша біршама ұзақ уақыт бойы жоғарыда сипатталғандай жалғастыру қажет.

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

Карведилол быстро и почти полностью всасывается после приема внутрь. С белками плазмы крови связывается почти полностью. Объем распределения составляет около 2 л/кг. Концентрация в плазме крови пропорциональна принятой дозе.

Приблизительно 30% принятой дозы является биодоступным из-за существенного метаболизма при первом прохождении (главным образом, с помощью печеночных ферментов CYP2D6 и CYP2C9). Вырабатываются три активных метаболита с бета-блокирующей активностью, один из них (производное 4'-гидроксифенила) в 13 раз сильнее, чем карведилол. Активные метаболиты имеют более слабые вазодилатирующие свойства, чем карведилол. Метаболизм стереоселективный, поэтому уровень R(+) карведилола в плазме крови в 2–3 раза превышает уровень S(-) карведилола. Уровни активных метаболитов в плазме крови приблизительно в 10 раз ниже уровня карведилола. Период полувыведения отличается: 5–9 ч для R(+) карведилола и 7–11 ч для S(-) карведилола.

У лиц пожилого возраста уровень карведилола приблизительно на 50 % выше.

У пациентов с циррозом печени биодоступность карведилола увеличивается в четыре раза, а средняя максимальная концентрация в плазме крови в 5 раз превышает соответствующие величины у здоровых людей.

У пациентов с нарушением функции печени биодоступность увеличивается до 80% ввиду уменьшения метаболического распада первого прохождения. У пациентов с нарушением функции почек существенного накопления препарата не наблюдается, поскольку карведилол выделяется преимущественно фекалиями.

Наличие пищи в желудке замедляет скорость абсорбции препарата, но это не влияет на его биодоступность.
Карведилол ішке қабылданғаннан кейін тез әрі толығымен сіңеді. Қан плазмасы ақуыздарымен толық дерлік байланысады. Таралу көлемі 2 л/кг жуықты құрайды. Қан плазмасындағы концентрациясы қабылданған дозаға пропорционалды.

Қабылданған дозаның шамамен 30%-ы алғаш өту кезінде (негізінен, CYP2D6 және CYP2C9 бауыр ферменттерінің жәрдемімен) елеулі метаболизмге ұшырайтындықтан, биожетімді болып табылады. Бета-бөгегіштік белсенділігі бар үш белсенді метаболит өндіріліп шығарылады, олардың бірі (4'-гидроксифенил туындысы) карведилолға қарағанда 13 есе күштірек. Белсенді метаболиттерінің вазодилатациялаушы қасиеттері карведилолға қарағанда әлсіздеу. Метаболизмі стереоселективті, сондықтан қан плазмасындағы R(+) карведилолдың деңгейі S(-) карведилолдың деңгейінен 2–3 есе артық. Қан плазмасындағы белсенді метаболиттердің деңгейлері карведилол деңгейінен шамамен 10 есе төмен. Жартылай шығарылу кезеңдерінде айырмашылық бар: R(+) карведилол үшін 5–9 сағат және S(-) карведилол үшін 7–11 сағат.

Егде жастағы адамдарда карведилол деңгейі шамамен 50%-ға артық.

Бауыр циррозы бар емделушілерде карведилолдың биожетімділігі төрт есе артады, ал қан плазмасындағы орташа жоғары концентрациясы дені сау адамдардағы тиісті шамалардан 5 есе артық.

Бауыр функциясы бұзылған емделушілерде алғаш өту кезіндегі метаболизмдік ыдырауының азаюынан биожетімділігі 80%-ға дейін артады.

Бүйрек функциясы бұзылған емделушілерде препараттың айтарлықтай жинақталуы байқалмайды, өйткені карведилол көбіне нәжістермен шығарылады.

Асқазанда тамақтың болуы препараттың сіңу жылдамдығын баяулатады, бірақ оның биожетімділігіне ықпалын тигізбейді.

Фармакодинамика

Кориол является неселективным бета-блокатором с сосудорасширяющим эффектом. Он также обладает антиоксидантными и антипролиферативным свойствами.

Активный ингредиент карведилол является рацематом; энантиомеры отличаются по своему воздействию и обмену веществ.

S (-)-энантиомер блокирует активность альфа1 и бета-адрено-рецепторов, в то время как R (+) энантиомер блокирует активность только альфа1-адренорецепторов. Благодаря кардионеселективному блокированию бета-адренорецепторов, Кориол снижает артериальное давление, уменьшает частоту сердечных сокращений и сердечный выброс. Кориол уменьшает давление в лёгочных артериях и в правом предсердии. За счёт блокады альфа1-адренорецепторов вызывает периферическую вазодилатацию, уменьшает периферическое сосудистое сопротивление, нагрузку на сердечную мышцу и предотвращает развитие приступов стенокардии. У пациентов с хронической сердечной недостаточностью препарат увеличивает фракцию выброса левого желудочка и уменьшает выраженность симптомов заболевания. Аналогичные эффекты отмечены у пациентов с нарушением функции левого желудочка. Кориол не обладает внутренней симпатомиметической активностью и так же, как пропранолол, обладает свойством стабилизации мембран. Активность ренин-ангиотензин-альдостероновой системы снижается, уменьшая высвобождение ренина, поэтому задержка жидкости развивается редко. Эффект в отношении артериального давления и частоты сердечных сокращений наиболее выражен через 1 - 2 часа после приема препарата.

У пациентов с артериальной гипертензией и заболеваниями почек Кориол уменьшает резистентность почечных сосудов. При этом не происходит существенного изменения скорости клубочковой фильтрации почечного плазмотока или экскреции электролитов. Периферический кровоток сохраняется, поэтому похолодание рук и ног, часто отмечаемое при приёме бета-адреноблокаторов, развивается редко. Кориол не оказывает влияния на липидный профиль.
Кориол қантамырды кеңейтетін әсері бар селективті емес бета-блокатор болып табылады. Сондай-ақ оның антиоксиданттық және антипролиферативтік қасиеттері де бар.

Карведилолдың белсенді ингредиенті рацемат болып табылады; энантиомерлер өзінің әсері мен зат алмасуы бойынша ерекшеленеді.

S (-)-энантиомер альфа1 және бета-адрено-рецепторлардың белсенділігін бөгейді, бұл кезде R (+) энантиомер тек альфа1-адренорецепторлардың ғана белсенділігін бөгейді. Бета-адренорецепторларды кардиоселективті бөгеуінің арқасында, Кориол артериялық қысымды төмендетеді, жүректің жиырылу жиілігі мен жүректің лықсуын азайтады. Кориол өкпе артерияларындағы және оң жақ жүрекшедегі қысымды азайтады. Альфа1-адренорецепторларды бөгеуінің есебінен шеткергі вазодилатацияны тудырады, шеткергі қантамырлық кедергіні, жүрек бұлшықетіне түсетін жүктемені азайтады және стенокардия ұстамалары дамуына жол бермейді. Жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі бар емделушілерде препарат сол жақ қарыншаның лықсу фракциясын ұлғайтады және ауру симптомдарының айқындығын азайтады. Осыған ұқсас әсерлері сол жақ қарынша функциясы бұзылған емделушілерде білінген. Кориол препаратының ішкі симпатомиметикалық белсенділігі жоқ және пропранолол сияқты жарғақшаларды тұрақтандыру қасиеті бар. Рениннің босап шығуын азайта отырып, ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенділігі төмендейді, сондықтан сұйықтық іркілісі сирек дамиды. Артериялық қысым мен жүректің жиырылу жиілігіне қатысты әсері препаратты қабылдағаннан кейін 1 - 2 сағаттан соң анағұрлым айқын.

Артериялық гипертензиясы және бүйрек аурулары бар емделушілерде Кориол бүйрек қантамырларының резистенттілігін азайтады. Мұндайда бүйректік плазма ағынының шумақтық сүзілу немесе электролиттердің шығарылу жылдамдығы айтарлықтай өзгермейді. Шеткергі қан ағымы сақталады, сондықтан бета-адреноблокаторларды қабылдағанда жиі білінетін қол мен аяқтың салқындауы сирек дамиды. Кориол липидтік бейінге ықпалын тигізбейді.

Упаковка и форма выпуска

По 10 таблеток помещают в контурную ячейковую упаковку из пленки ОРА/Al/PVC и фольги алюминиевой. По 3 контурных ячейковых упаковок вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в пачку из картона.
ОРА/Al/PVC үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салады. Пішінді ұяшықты 3 қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.